Қарағандыдағы митинг. 6 қаңтар

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қарағандыда бір топ жас жігіттің арасында төбелес болғаны туралы ақпарат тарап, оған БАҚ-тың назары ауған. Әлеуметтік желілерде төбелес жайлы түрлі пікір, болжамдар айтыла бастаған. Қарағанды облысының әкімдігі мен прокуратурасы төбелеске қатысты ресми түсінік беріп, қоғамды арандатуға ұрынып қалмауға шақырған. Қоғам өкілдерінен бірнеше адам, қаза болған жігіттің туыстары әуелі ішкі істер басқармасында басшылармен кездескен. Бұдан соң жұрт облыстық білім басқармасы ғимаратының алдына жиналған. Денесіне пышақ тиіп жараланған екі жігіт ауруханадан шықты деп хабарлады 3 қаңтарда облыстық денсаулық сақтау департаменті. Көкірек қуысына пышақ кірген үшінші адам қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын “тұрақты“ деп бағалап отыр.
Back to Top