Зейнетақы жинағының бір бөлігін алғысы келетін жандарға құлаққағыс. Қордың сайтында шешіп алуға болатын сома автоматты түрде көрсетілетін терезе ашылды. Сондай-ақ, бұл қаржыны қайда жұмсауға болатыны туралы дерек те жеке кабинетіңізде жазулы. Алайда, осындай мүмкіндікке ие болған 700 мыңнан астам қазақстандық бірнеше күн бойы сайтқа кіре алмай қиналуда. Бұл соңғы күндері қордағы ақпаратқа деген қызығушылықтың артуынан болуы мүмкін. Естеріңізге салсақ, күні кеше ғана Президент Қасым Жомарт Тоқаев зейнетақы қорынан ақша алуға рұқсат беретін Заңға қол қойған еді.
🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!