Астанада өтіп жатқан UEFA CFM курсы (2-күн) | UEFA CFM course in Astana (Day 2)

Астанада UEFA Assist және UEFA Academy бағдарламалары аясында футбол менеджерлеріне арналған UEFA CFM (Certificate in Football Managment) білім беру курсы жалғасуда. UEFA CFM – ұйымдастыру, стратегия және стратегиялық басқару, операциялық менеджмент, маркетинг және демеушілік, байланыс, қоғаммен және БАҚ-мен байланыс, іс-шаралар мен еріктілерді басқару сияқты көптеген тақырыптарды зерттейтін білім беру бағдарламасы. Бағдарламада алты интерактивті онлайн модуль және үш бетпе-бет өтетін семинар бар. Бұл бағдарлама УЕФА-ның ең беделді және табысты жобаларының бірі. Білім беру бағдарламасына Қазақстан, Германия, Уэльс, Әзірбайжан, Шотландия және Түркия футбол қауымдастықтарының өкілдері қатысады. Дәріс берушілер арасында УЕФА және Швейцария, Швеция, Италия, Шотландия елінің университтерінің профессорлары бар. • Біздің сайт – ​ • Instagram – • Instagram – • Instagram – • TikTok – @ • ВКонтакте – • Facebook – ​ • Twitter – ​ • Telegram –
Back to Top