Сабыр Қазыбаев атындағы балалар үйіне ұйымдастырылған “ Ең керемет күн “ жобасы.

“Ең керемет күн“ жобасы 2015 жылдың 29 қарашасында “Ең керемет күн“ жобасы аясында Сабыр Қазыбаев атындағы балалар үйінің 50 тәрбиеленушілеріне көңіл-көтеру және танып білу шарасын өткізді. Балалардың күні қызыққа толы болды. Funky Town ойын-сауық кешенінде ойнады. Кинотеатрда мультфильм көріп, боулинг ойнады. Акцияның соңында балалар мен еріктілер Сапфир мейрамханасында түскі ас ішіп, әрбір тәрбиеленушіге арнап сыйлықтар табыс етті. Осындай күндер жетім балалар үшін өте маңызды. Себебі, бұл күндері олар тек қана көңіл көтеріп қана қоймай, қоғамымыздың оларды ұмытпай, оларға да көңіл бөлетініне куә болды. Осылайша еріктілер және жолдастарымен қызыққа толы күн өткізді. Осы шараны ұйымдастыруға атсалысқан қорымыздың демеушілеріне, ұйымдастырушыларына және еріктілеріне шексіз алғысымызды білдіреміз. Ұйымдастырушылар: • «Атырау Рауан» қоғамдық қорының еріктілері • Сабыр Қазыбаев атындағы балалар үйі • «Сапфир» мейрамханасының басшысы
Back to Top