Перзентхана маңынан адамның бассүйегі табылды

Еңбекшіқазақ ауданындағы оқиғаның видеосын куәгерлер әлеуметтік желіге жариялады. Сүйектер Есік қаласының жанында орналасқан Бөлек ауылдық округінен табылды. Бұл жер “Ромашка“ деп аталатын саяжай екен. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол сүйектер ашық-шашық шашылып жатқан жоқ екен. Жерді қазу барысында шығыпты. Дәл осы жерде су құбырын жүргізу жұмысы жүргізіліп жатқан көрінеді. Сүйекті тапқан да - сол мекеменің жұмысшылары. “Алтын адам“ мұражайының археологтары оқиға орнына келіп, сүйектерді жинап жатыр екен жуырда сараптамаға жіберіледі. Өңірдің полиция департаменті қазір оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Все новости Первого канала “Евразия“ теперь и в Telegram: ​ Подписывайтесь! Наш сайт - ​ Vkontakte - ​ Facebook - ​ Twitter - @1tvkz​ – ​ – instagram - Qoslike - h
Back to Top