Автобус паркі банкротқа ұшырады

Шымкентте ең ірі жолаушылар тасымалдайтын компания аяқ астынан банкротқа ұшырады. Автобус паркі қожайыны 100-ден астам серіктестікке 3 млрд теңгеден астам ақша қарыз екен. Берешегінен өздігінен құтыла алмасын білген компания жетекшісі амалсыз өздерін банкрот деп жариялаған. Бір қызығы, бұл компаниядан 800 млн теңгедей алашағы бар серіктестік сот отырысында әріптесінің банкрот болып танылуына титтей де қарсылық білдірмеген көрінеді. Сонда кім ұтты, кім ұтылды? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top