Қазақстанда сирек аурулар тізіміне енген балалардың ата-анасы биліктен көмек сұрады. Нұр-Сұлтанда оншақты азамат денсаулық сақтау министрлігі ғимаратына барды. Жиналғандардың айтуынша, оқыс қозғалса сүйегі морт сынатын «хрусталь» балаларға керек екпені салуға министрлік рұқсат бермей отыр.