ҚҰНДЫ КІТАПТАР КӨРМЕСІ: ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің “Әл-Фараби“ кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр - Жеңіс күні құрметіне орай «ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС» атты құнды кітаптар көрмесі ашылды. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолында қаншама азаматтар жанқиярлық ерлік көрсетті. Ер есімі – ел есінде. Ұлы Отан соғысы жылдарында бізге жеңісті бейбіт күн сыйлаған майдангерлердің ерлігін паш етіп, кітапхана қорындағы қазақстандық жауынгерлердің ерлігі туралы жазылған сирек басылымдарды, әдебиеттерді насихаттау, оқырман қауымға ұсыну. Отан алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақ өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, шаттана күлгеніміз Ұлы Отан соғысы жеңісі мен тәуелсіздігіміздің жемісі. Қазақстан биыл тәуелсіздігінің отыз жылдығын
Back to Top