ҚазҰУ-да “Наурыз-АРТ“ сурет көрмесі өтті

ҚазҰУ-да Наурыз мейрамы аясында «Жаңа Қазақстан: қоғамды ұйыстыратын құндылықтар» атты суретшілер мен фотографтар көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Келушілер назарына Нелли Бубэ, Бейсебек Ақанаев, Марлен Нысанбаев, Ахмет Ахат, Руслан Ақанаев, Тоққожа Қожағұл, Қанағат Көдеков, Алмас Нұрғожаев, Әлия Қабиқожаева сынды танымал суретші, мүсінші мен кескіндемешілер туындылары ұсынылды. Сондай-ақ ҚазҰУ-дың фотограф-оқытушылары Марат Жүнісбеков, Асылхан Әбдірайымұлы мен Досжан Балабекұлы түсірген университет ғалымдарының портреті, қалашық көрінісінен түрлі суреттер де көпшілік көңілінен шықты. Көрме бір айға дейін жалғасады
Back to Top