Қазір елімізде жергілікті полиция қызметін реформалау жүріп жатыр. Президент жолдауында айтылған «Еститін үкімет» тұғырнамасы аясында «Полиция қадым жерде» қағидасы басшылыққа алынбақ. Қысқасы учаскелік полицейлердің қызметін жетілдіру қажет. Олардың жұмысына қоғам тарапынан сан рет сын айтылды, мың рет мін тағылды. Көзі қарақтылар бірнеше мың адам тұратын учаскені тәртіп сақшысы қалай қадағалайды, - деген орынды сұрақ қоюмен келді.
Билік орындары естіген болса керек, енді түйткілдің түйіні Америкалықтарша тарқауы мүмкін. Яғни Қазақстанда шериф қызметі пайда болмақ. Ол қалай жұмыс істейді, уәкілеттігі қандай болмақ, артықшылығы мен кемшін тұстары бар ма?
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан