Алаяққа ауызбастырық берген мектеп директорының өзі үйқамақта
Алматыда алаяқ әйелге алданған мектеп директоры әділетсіздіктің құрбаны болып отыр. Осылай деп оның адвокаты дабыл қағуда. Қорғаушының айтуынша, №17 мектеп-интернаттың директоры болған Серік Қалиевке Наркес Мамедова есімді келіншек келіп, оның үстінен әлдебіреулердің прокуратураға шағым түсіргенін айтқан. Әрі өзін прокуратура қызметкерімін деп таныстырған ол білім ошағына тексеру келетінін ескерткен. Мәселені шешіп беремін деп, алдау-арбау жолымен мектеп басшысынан 6 млн. теңге ақша алыпты. Мектепте әлгі әйелдің туыстарының баласы оқығандықтан, директор оның сөзіне сеніп қалғанға ұқсайды. Бұдан бөлек, әккі әйел №2 мектеп-интернаттың басшылығын да алдап соғып, 5 миллион теңгені қалтасына баспақ болған. Мектеп басшылары артынан алданғандарын біліп, құзырлы органдарға шағым түсіріпті. Бірақ, тергеу барысында әйел Серік Қалиевті өзінің сыбайласы ретінде көрсетіпті. Сөйтіп, ол жәбірленушіден сотталушыға айналып шыға келіпті. Тексерушілерге «ауызбастырық» беріп, ісін жасырмақ болды және алаяқтық жасады деп
28 views
5
0
4 years ago 00:02:17 335
Алаяққа ауызбастырық берген мектеп директорының өзі үйқамақта