“Абай жолының“ қысқаша мазмұны. I том, IV тарау - “Шытырманда“

Абай Қарқаралыдан қайтқан соң атқа мініп, ел аралаған жоқ. Жидебайдағы ауылда шешелерінің үйінде жатып, күндіз-түні кітап оқуға салынды. Оған осы уақытта жолдас болған — Ғабитхан. Қыс біткенше екеуі оқып-білгендерін үй ішіне әңгіме қып айтуды әдетке айналдырды. Көпшілік әсіресе Абайдың әңгімелерін телміре тыңдайтын. Немересінің кітапқа берген ықыласына Зере қатты қуанған. Кәмшат кеткелі жүдеу боп жүрген Айғыз да аратұра Абайды есту үшін үлкен үйге келіп тұратын. Ол келген кештерде Абай әңгімесін ерекше қылы
Back to Top