бир тамшы

Нағыз таланттар ауылда жүр деген осы ғой.Кеше жолым түсіп Жаңақорған ауданы,Түгіскен деген ауылға барып едім.Жаңағы сөзге тағы бір көз жеткіздік.Ауылда қарапайым тракторшы болып жүрген Асылжан деген ағамыз екен бұл.9 скоросты бар Беларус айдайтын Асекең алты шекті де азынатып тұр.Алматыда құрылыста жасап жүрген кезінде Республика Сарайында өткен “Наурыз Думан“ атты концертте өнер де көрсеткен екен.Өнер жолын түбегейлі қумаса да,қара жұмыстан қолы босағанда гитарасын жаны сүйіп шертетін Асылжанды тыңдап көріңіздер.Сайқымазақ Сайлаубектен тұлға жасап жүрген сайтсымақтар,жарияласаңдар осындай тасадағы талантты жігіттердің өнерін жариялаңдаршы.
Back to Top