Пойызда жабайы сауда жасатып қойғандар жазаланды

Шығыста коронавирус өршіп тұрғанда “Нұр-Сұлтан-Семей“ бағытындағы жолаушылар пойызында жабайы сауда жасатып қойғандар жазаланды. Бұл жайлы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов хабарлады. Оның сөзінше, осындай олқылыққа жол берген пойыз басшысы мен жолсеріктің әрқайсына 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Ал, ПТР-тест анықтамасыз әрі бетпердесіз жүрген саудагер әйел 27 мың теңге айыппұл арқалапты. Естеріңізге салсақ, кеше «Семей-Нұр-Сұлтан» бағытындағы пойызда жолаушының бірі саудагерлер емін-еркін кіріп-шығып, сауда істеп жүр деп шағымданған еді. Есесіне, жолсерік кейбір жолаушыларды ПТР-тест анықтамаң жоқ деп вагонға мінгізбей қойған. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top