Жоғалып кеткен азамат тау бөктерінен түсіру кезінде жан тәсілім етті

Алматы тауларында адасып кетіп, әрең табылған ер адам қайтыс болды. Осыдан үш күн бұрын жоғалып кеткен Ерман Байменовті құтқарушылардың кеше түстен кейін кезіктіргені хабарланған еді. Алайда тау бөктерінен түсіру кезінде 35 жастағы жігіт жантәсілім етіпті. Еске сала кетейін, Ерман Байменов 12 желтоқсан күні таңертең жалғыз өзі тауға шыққан. Кешкі уақытта үйге қайтпақ болған кезде ауа-райының қолайсыздығынан адасып, төтеншеліктерді шақыртыпты. Марқұмның қалыңдығы жігіті оған хабарласып, құтқарушыларды көріп тұрғанындығын, олар қараңғы болғандықтан оны құтқара алмай, кетіп қалғандығын айтқан. Алайда Төтенше жағдайлар министрі бұл фактіні жоққа шығаруда. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top