Х. Досмұхамедұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Алаштың асыл арысы» атты оқырмандармен әдеби кеш

6 сәуір күні Облыстық балалар кітапханасының оқу залында 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен «Біз кітаппен өсеміз» атты кітап апталығының төртінші күні Х. Досмұхамедұлының туғанына 140 жыл толуына орай, «Алаштың асыл арысы» атты тарихи кеш өтті. Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Х. Досмұхамедұлының өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, арысымыздың өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Тарихи кешке Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау Университетінің профессоры, ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі, ҚР үздік өлкетанушысы, Халел Досмұхамедұлы сыйлығының иегері, Х.Досмұхамедұлы атындағы алтын медальдің иегері - Аманкелді Шамғонұлы; ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР құрметті журналисі, Ақпарат саласының үздігі, Қызылқоға ауданының құрметті азаматы, өлкетанушы, публицист жазушы, қарымды қаламгер Төлеген Жаңабайұлы және Каспий өңірінің қазіргі замандағы жоғары колледжінің «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» мамандығының 1/, 1/ топтарының студенттері қатысты.
Back to Top