Жәрдемақы үшін ажырасу: Дұрыс шешім бе?

Жәрдемақы алу үшін ерлі-зайыптылар жаппай ажырасып жатыр. Шымкентте бір аптада 15-20 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін некелерін бұзуға өтініш білдірген. Тіпті, түрлі айлаға барып, судьялардың мазасын қашыратындары да бар екен. Ең қызығы, ерлер де әкеліктен бас тартып, мемлекеттен берілетін қаражаттан дәметіп отырғаны анықталды. Ақша үшін әкеліктен бас тартқан ерлер мен жалғызбасты ана болуға асыққан әйелдердің әрекеті қаншалықты заңды? Құзырлы органдар қулықпен ажырасқандар мәселесін қалай шешпек? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top