Банк несиемді ұзартқаны үшін 300 мың теңге қоспақшы

Төтенше жағдай туғызған тағы бір түйткіл. 42500 ді шын мұқтаждар ала алмай жатса, несиесін жаба алмай жатқандар да жоқ емес. Қазір тұрақты табыс көзінсіз қалғандарға әуелде кредит төлеу мерзімі шегеріледі, пайыздық үстеме болмайды, түк те уайымдамаңыздар демеп пе еді үкімет? Көпшілік 3 айға төлемді тоқтатамыз деуі мұң екен, тасадан тұрып, банк тас атқандай болды. Шегергенің үшін төле дегендей қылып жатыр екен. Несиені шегеруге болады деген уақытта осы банктер неге үн қатпады? Ендігі жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартқанның кері ме? Жаны қысылған жұрт тым құрыса кредитімді қоя тұрайыншы деп өтініш жазса, кейін ай сайын пәленбай мың теңгені қосымша төлейсің деген жауапты дүңк еткізеді. Бұл неткен бассыздық һәм басыну деп ашынуға болар еді. Сөйтсек, мәселенің екінші қыры бар. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top