Жаңаөзенде инкассаторларды тонаған күдіктілер ұсталды

Жаңаөзенде инкассаторларға шабуыл жасаған күдіктілердің барлығы ұсталды. Тергеу мәліметінше, үш адам бұл қылмысқа бір ай бойы тыңғылықты дайындалыпты. Олар инкассатор көлігінің бағыты мен қай уақытта қайда жүретінін білген. Содан кейін жүйелі жоспар құрып, міндеттерді өзара бөліп алыпты. Ал ұрланған ақшаны қылдай бөлісіп алыпты. Осы дерекке қатысты қазір тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Еске салайық, қарақшылық шаубыл 3 желтоқсан күні жасалған еді. Қаскөйлер инкассатор көлігінің жүргізушісін пышақпен қорқытып, 75 миллион теңге көлемінде ақшаны жымқырып, оқиға орнынан іздерін суытқан болатын. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top