43. Аюп пайғамбар қиссасы | Қисса сүл-әнбия

Аюп пайғамбар қиссасы Аюп пайғамбар өте сабырлы болған екен. Ұлық Алла періштелерге: – Аюп – менің ең сабырлы құлым! – деп мақтанады екен. Бұл мақтау Ібіліске жақпайтын. Ол Аюптың сабырын түгеспек болды. Оны жоқтықпен, байлықпен, мансаппен азғырды. Шайтанның бұл айласы Аюпқа әсер етпеді. Тіпті әйелін арбап, отбасы мен достарының арасына да от салды. Аюп сонда да сыр бермеді. Ібіліс күніне мың түрлі бәле шақырса да, Аюп тағат жасап, отыра берді.
Back to Top