Бейбіт күннің батырлары

Астанада өрт🔥 Жанып жатқан пәтердегі балаларды төменгі қабаттан қағып алды (видео) . ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, өрт 2 наурыз күні болды. . «2018 жылғы 2 наурызда 14:19-да өрт байланысы орталық бекетіне Е38 көшесі, 30/1 мекенжайындағы «Nova City» тұрғын үй кешеніндегі пәтерде өрт шыққаны туралы хабар келді. Өрт болған жерге 14:20-да 4 негізгі, 3 арнайы өрт көлігі және жеке құрамның 26 қызметкері жіберілді», – делінген хабарламада. Өрт сөндірушілер жеткен уақытта тоғыз қабатты үйдің 7-қабатындағы пәтерде өртеніп жатқаны анықталды, жалынды сөндіру кезінде 5 адам құтқарылды. 15 шаршы метр жерді жалын шарпыған. . Оқыс оқиғаны түсіріп алғандардың видеосында, өрт шыққан пәтерден үш баланы төменгі қабатқа түсіріп жібергені анық көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, түскі астан қайтып келе жатқан құрылысшылар, пәтерден түтін шығып жатқанын байқап қалған. Олар ауладан асып түсіп, паркингтегі жарнама баннерлерін жыртып, содан арқан жасап алып, бірнешеуі өрт шыққан үйдегілерді
Back to Top