«Qaharman qazaq» жобасы қысылтаяң кезде батылдық танытқан бейбіт күннің нағыз батырлары жайлы әңгімені жалғастырады.
Солардың бірі Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Айбек Әбдірахманов 7 адамды өрттен құтқарды.
«Түнгі сағат бір шамасы. Әлдебір шаруамен бір жерге кетуім керек еді. Такси шақырып, көшеге шықтым. Такси келмеді, мүмкін жүргізуші үйді таба алмаса керек. Кенет ыстың иісін сездім. Көше бойымен сәл жүріп едім, көрші үйдің өртеніп жатқанын көрдім», - деп есіне алады Айбек.
Айбек дереу өрт сөндірушіле