✅ ӘСКЕРИ ҚАРУЛЫ КҮШТЕГІ IT РӨЛІ
Ресей мен Украинаның соғысындағы дрондар мен ұшқышсыз ұшатын аппараттардың (беспилотник) қаншалықты маңызды екеніне көзіміз жетті. Желілерде оның тиімділігі туралы бейнежазбалар мен мақалалар өте көп. Цифрлық дәуірдегі технологиялық артықшылық ел-жерді қорғауда үлкен септігін тигізеді екен. Демек біз бұл салада әсте артта қалмауымыз керек.
Бұрын айтқанымдай, бұл жерде техникалық және IT мамандар қажет болады. Мысалы инженер-конструктор дронды құрастырса, оның бағдарламалық жасақтамасын программист жазады. Яғни дронның басқару жүйесін, навигациясын, ұшу траекториясын, кеңістік картасын бағдарламалайды. Дронды бағдарламалау үшін программисттер C және Python тілдерін жетік білуі тиіс. Егер жастар осы саланы меңгеріп, отанды қорғау ниетімен әскери салада қызмет қылса сауап алады.
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаға құлшылық қылудан мұсылманның назарын ұрлайтын кез-келген нәрсе уақытты босқа құрту болып саналады. Тек мыналардан басқа: садақпен нысанаға ату, атта шабу, отбасымен ойнау және жүзу» - деп айтқан (Табарани).
Басқа да осыған ұқсас хадистерде де садақ ату, найза лақтыру, қылыш сермеу, атта шабу өте құптарлық іс екені айтылып, ерекше назар аударылады. Неге десеңіз, бұлардың барлығы тікелей соғыс тәсілдері болып табылады. Бүгінгі таңда ешкім отанын қылыш-найзамен қорғамайды. Олай қорғай да алмайды. Себебі соғыс тәсілдері өзгерді.
Демек бүгінгі таңдағы әскери саладағы инженер-конструкторлар мен дрон бағдарламалаушылар осы хадисте айтылған сипатқа сәйкес келеді. Осы арқылы сіздер сауапқа ие бола аласыздар! Елге-жерге пайдалы өнер деп осыны айтамын! Мектеп қабырғасында жүрген жас бауырларыма осы саланы меңгеруге кеңес беретін едім!
176 views
1311
395
12 months ago 00:52:34 1
Қазақстан әскери қызметкерлер неге Қарулы Күштерінен лек-легімен кетіп жатыр | AL QONYR-KZ
1 year ago 00:51:34 1
Бітімгершілік миссиясын өткізу елімізге пайдалы ма? Қандай бізге әскер керек? | AL QONYR-KZ
2 years ago 00:12:38 1
ДЕПУТАТТАРҒА КІРУ ҮШІН, ТОҚАЕВТЫҢ ҚАРУЛЫ ӘСКЕР-СЫМАҒЫ ЖОЛДЫ БӨГЕДІ | “ЕСКЕРТУСІЗ АТАСЫҢ БА“ дейді |
2 years ago 00:52:40 1
Отан әскеріне сенеді. Ал, қазақ әскерінің әлеуеті қандай? #армия #әскер #оборона #қазақстан #магулов
2 years ago 00:49:48 1
Табиғи байлық көздеріміз Қарулы күштердің қорғауында дей алмаймын – әскери сарапшы | АЛ ҚОҢЫР
2 years ago 00:01:48 1
Алматыда «Қайсар» телесериалының түсірілімі басталды
3 years ago 00:10:07 2
Осы себепті Қазақ әскері Өзбекстаннан артта қалған! #Ozbekistonqurollikuchlari #GlobalFirePower
3 years ago 00:08:53 2
Қазақ әскерінің өткені-бүгіні-ертеңі.Отыз жылда не өзгерді?!
3 years ago 00:11:49 5
Бір ұшақты 90 миллиардқа сатып алдық!Қазақстан әскері 2022де!
3 years ago 00:02:23 1
Әскерге сау кетіп, жарымжан болып оралған азамат мүгедектік ала алмай отыр
4 years ago 00:33:13 1
ДДҰ: ПАНДЕМИЯНЫҢ ӨТЕ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ / Әлем тынысы ()
5 years ago 00:12:56 1
5 000 МЫҢ ТАНКІМЕН БАСЫП КІРЕМ!
5 years ago 00:02:40 3
Алматыда әскерилер залалсыздандыру жұмыстарын қайта бастады ()
5 years ago 00:02:52 1
ҚР Қарулы Күштері жауынгерлік шеру кезінде “Мен Қазақпын!“ деп әндетті.
5 years ago 00:15:48 1
“ҚР Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру
5 years ago 00:01:41 160
Сұмдық-ай. Иран Украина ұшағын атып түсірген екен. Дау қайта өрши түсті.
6 years ago 00:04:07 47
Әскердегі бір күн; “Күліп оян, Алматы“ ж; тілші Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН
7 years ago 01:20:49 53
7 мамыр — Отан қорғаушылар күні
8 years ago 01:15:19 15
Әскери парад. 7 мамыр 2017 жыл
8 years ago 00:20:41 9
Ақсауыт - Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери парадқа дайындығы
8 years ago 00:21:21 23
Фильм Оразадагы ойран
9 years ago 00:01:46 2
“Ата заңға адалмыз“ атты әскери-патриоттық акция жалғасуда
10 years ago 00:00:00 57
«Ақсауыт». Әскери-патриоттық бағдарлама. Қарулы Күштердің танк және теңіз биатлонына дайындығы