Ректорлар бұдан былай халық алдында есеп береді

Енді ректорлар халық алдында есеп береді. Дәлірек айтсақ, университет басшылылары ғылыми-зерттеу, қаржылық-шаруашылық қызмет пен оқыту жұмыстары жөнінде жыл сайын баяндама жасайды. Бұл білім ордасының қандай деңгейде екенін анықтауға көмектеседі. Бұл туралы онлайн брифинг барысында білім және ғылым министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Сондай-ақ, сапасыз кадрларды даярлайтын университеттерді анықтау жұмыстары да жалғасып жатыр екен. Биыл елімізде 5 жоғары оқу орны жабылып, екеуінің бас лицензиясы тартып алынған. Соңғыларына қатысты сот процесі басталыпты. Бұл ретте, жауапты ведомство жабылған университеттің студенттерін алаңдамауға шақырды. Бәріне тиісті жағдай жасалады деп сендірді. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top