Қазақстанның танкистері 15 қыркүйекте кәсіби мерекені атап өтуде

Қазақстанның танкистері 15 қыркүйекте кәсіби мерекені атап өтуде Танктер бүгінгі күні де әлемнің көптеген елінде әскерлердің негізгі жауынгерлік қуатын көрсететіні белгілі. Олардың басты артықшылығы – қорғанысы мен жауынгерлік қуатында. Қазақстанның Қарулы Күштерінде танк бөлімдері мен бөлімшелері елдің әр өңірінде орналасқан, сондай-ақ жауынгерлік тұрғыда ұдайы әзірлікте. Танкистер іс-қимылдың жаңа тәсілдерін игере отырып, үздіксіз жауынгерлік даярлық деңгейін арттырып, кәсіби шеберліктерін шыңдауда. Ауқымды «Алдаспан-2020» оқу-жаттығу барысында танк бөлімшелері «Танк каруселі» тәсілін сынады. Ал «Қалқан-2021» кезінде жеңілу ықтималдығын азайтуға және қарсыласты адастыруға мүмкіндік беретін «Сақ қорғаны» әдісін қолданды. Дереккөзі:
Back to Top