Жаңбыр суы үкіметте талқыланды

Тамыздың 20-21 күндері жауған жаңбыр суының салдарынан Астана қаласының бірқатар көшелері су астында қалды. Жол қозғалысы қиындап, көліктер суға батты. Үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев қала әкімі Әсет Исекешевке мәселені шешуді тапсырды. Ал әкім премьер-министрдің өзінен көмек сұрады.
Back to Top