talanttar alany 2020

👍“Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы“ Халықаралық Жастар күні аясында ағымдағы жылдың 27 шілдесі мен 7 тамыз аралығында дарынды жастарға OnlineFest “TALANTTAR ALANY 2020“ облыстық онлайн фестивалін өткізетінін хабарлайды. _ ➡️Фестивальге қатысу үшін өтініміңізді (карусельдегі 2 фотосурет), сайысқа арналған бейнебаяныңызды және фото файлыңызды электрондық поштаға жіберу керек. Байқау жеңімпаздары 7-11 тамыз аралығында Instagram әлеуметтік желісінде дауыс беру нәтижесінде анықталады. Төменде сипатталған 7 номинацияның әрқайсысында ең көбі 10 қатысушы қатыса алады. Олардың арасынан 1 ғана жеңімпаз анықталатын болады. Жеңімпаздар таланттарын дамытуға көмектесетін өте құнды сыйлықтарға ие болады. _ ⭐️Онлайн фестиваль келесі 7 номинацияны қамтиды: - жеке вокалдық орындау (бейнебаян ұзақтығы 1 минуттан аспайды, музыкалық композиция Орындаушының дауысынан қатты болмауы тиіс, дауыс пен фонограмма салуға жол берілмейді); - топтық хореография, 3 адамнан аспайды (бейнебаян ұзақтығы 1 минуттан аспайды, би қойылымы
Back to Top