Қытайдағы қандастарға хат
Тағдыр ма, əлде заман ба маңдайға сызған таңбасын,
Жазбайын десем жанға ауыр, айтпайын десем арға сын.
Жатқа кеткен жерімде, жан бауырым бар еді,
Қылбұрау түсті-ау мойныңа, қытайда қалған қандасым!
Атажұрт - алтын бесігің, шаршасаң сүйер арқаңды,
Арқардай алшаң бастырған маңырап жеткен марқаңды.
Ұзын арқан, кең тұсау болар деп бейқам жүрдің бе,
“Туған жер - алтын тұғыр“ деп, қия алмай алтын Алтайды?
Жылдарға көміп сағыныш, жүрекке шерін тағады Ай,
Жəнібек алған Қара Ертіс буынып, жылап ағады ай.
Бөрілер жортқан боз дала ең, қаптады-ау қара құмырсқа,
Уыстан шығып өр Алтай, қайырылмай кетіп барады-ай!
Жүректі немен жұбатам, уақыт, өзің айт емін,
Ештеңеге қарамай, есің барда қайт, елім!
Темір тоқта киіліп, діл мен тілден ажырап -
жəудіреген қара көз ханзу боп кетсе қайтемін?..
Саясат деген сайқалдың түйіні бар ма шешілмес?
Алдыңда Атажұртың бар: азанда көш, бесін көш.
Сен жоғалтсаң біздерді, біз жоғалтсақ сендерді,
Балбал тас болып сөйлейтін, кəрі тарих кешірмес!
Тағдыр ма, əлде
1,855 view
680
258
10 months ago 00:15:00 1
Оңтүстіктен солтүстікке көшкен қазақтар: “Теріскей — бізге аманат!“
3 years ago 00:38:04 19
Қазаққа жер иесі екенін сезіндіргім келеді – Теріскейге «жорық» бастаған Бурахан Дақанов
6 years ago 00:05:56 12
Шыңжаңнан Үндістанға көшкен қазақтар жайлы кітап / Оспан батыр туралы тың деректер
6 years ago 00:05:55 1.6K
(Аспантау асқан үркін көш) Шыңжаңнан Үндістанға көшкен қазақтар жайлы кітап - Оспан батыр туралы тың деректер