МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ ТІЛШІЛЕРДІ ТТЫТАДЫ.

28-маусым Қазақстан Республикасының Байланыс және Ақпарат қызметкерлері күні. Атаулы күнге орай Атырау қаласының химия-биология бағытындағы НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ директоры Айтпөкешев Айдарбек Төлепұлы өңірдегі Елбасы мектебінің тыныс-тіршілігі мен жетістіктерін жариялауда көзге түскен бірқатар облыс журналистерін кәсіби мерекесімен құттықтап, мектеп ұжымы атынан естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табыстады. Облыстағы зияткерлік мектептің оң имджін қалыптастыруда, ата-аналар мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуда қосқан үлесі үшін облыстық “Прикаспийская коммуна“ газетінің редакторы Надежда Шильман, “ҚАЗАҚСТАН“ РТРК АҚ АОФ-ы жаңалықтар бөлімінің аға редакторы Ләззат Өтепова, “ҚАЗАҚСТАН“ ұлттық телеарнасының Атыраудағы меншікті тілшісі Айдос Қарабалин, “Қазақстан Атырау“ телеарнасының операторы Фархат Тәжібаев және аталған арнаның редакторлары Бекзат Маратова мен Гүлфәни Ерсайыновалар марапатталды. Мереке құтты болсын әріптестер!
Back to Top