Әлеуметтік желілердің бірінде ауыл шаруашылығына арналған ангарда той жасауға дайындық сәті түсірілген видео жарияланды. Мерекелік шара Қарағанды облысы, Осакаров ауданында ұйымдастырылғаны анықталды. Осы бейнежазбаға қатысты жергілікті полицейлер тексеріс жүргізіпті. Жеке кәсіпкер той ұйымдастырғанын жоққа шығарған. Алайда тойға дайындық жүргізгілгенін жасыра алмады. Нысан иесі іссапарда болғандықтан, бұл жайттан бейхабар болыпты. Көңілді кеш ұйымдастырған жеке кәсіпкердің інісі екен. Облыстың санитарлық қызметінің мәліметінше, жеке кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нысан басшысы қызметкерлерін жұмыстан босатқан.
🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!