АҚШ-та аспаннан түскен жұмбақ нысан тұрғындардың зәресін ұшырды.

АҚШ-тың Калифорния штатында отбасы аспаннан түсіп келе жатқан белгісіз нысанды видеоға түсіріп алған. Енді желі қолданушылар бұның не екенін қызу талқыға салуда деп жазады сайтына сілтеме жасаған . Видеоны интернетке жүктеген Пабло Моралес жұмбақ нысанның сұлбасы адамға келетінін айтып, бұл аспаннан түскен “періште“ деп болжады. Видеода ол жанындағылардан: “Бұл Иса пайғамбар ма?“ деп сұрайды. Кейін испан тілінде: “Бұл адам“, - деп қосады. Сол сәтте қасындағы адамдар жапа-тармағай өз болжамдарын айта бастайды. Желі қолданушылары да пікірлерін білдірген. “Калифорния кептелісінен құтылудың тамаша жолы!“, “Құдай-ай, Калифорнияда аспаннан гуманоидтар құлап жатыр. Трампқа қаншалықты биік қабырға тұрғызуға тура келеді?“, “Бұл шарға ұқсамай ма?“, - деп жазды желі қолданушылары.
Back to Top