Сынамадан өткен халал шұжықтардың 143 түрінен шошқа ДНК-сы табылды. Ал, сүт өнімдерінің 99 маркасының құрамы қорапта көрсетілген ақпаратқа сәйкес болмай шықты. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Жалпы, азық-түліктің адам денсаулығына қауіпсіздігі бойынша тексеріс ай сайын жүргізіліп тұрады. Былтыр ел бойынша 70 мың өнімге зерттеу жүргізіліп, олардың 10 мыңға жуығы талапқа сай емес болып шыққан. Талап бұзғандардың басым бөлігі тауарды таңбалау бойынша ережелерді