Жылыжайлар жаппай көмір жағып, тұрғындар тұншығып отыр
Осы аптада Үкімет отырысында еліміздегі ауасы ең ластанған 10 қаланың тізімі жарияланды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 45 елдімекеннің ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент шаһарлары атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жатады екен. Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев мырза осы мәліметті айтып үлгергені сол Шымкенттің төңірегіндегі тұрғындар тұншығып жатырмыз деп арнамызға хабарласты.
Айтуларынша Тұрбат, Сарыағаш елдімекендеріндегі жұрт жылыжайлардан шығатын көмірдің улы газынан зәрезап. Елдімекендердегі әрбір екінші үй ауласына жылыжай құрып алған деседі. Күнкөріс қамына айналған орындарды жылыту үшін тұрғындар қыс бойы тонналап көмір жағады. Ал,бұл маңға осыдан 8 жыл бұрын газ құбыры тартылғанын қайдам, жылыжайлар әлі күнге дейін көмірді құп көреді. Газға қосылу қымбат. Бұның салдары бар. Өңірде демікпе дендеп барады. Әдетте суықтан, тұмаудан жөтелетін балалардың тамағын енді көк түтін жыбырлатып жатыр.
34 views
1
0
4 years ago 00:05:42 56
Жылыжайлар жаппай көмір жағып, тұрғындар тұншығып отыр