Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов

Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов әр рет соғыс майданына кірерде дұға оқып, Алладан амандық тілейтіні жайлы әңгімелеп берді. - Ұшақта барлық адам жанын шүберекке түйіп отырады ғой. Марқұм әжем діндар болатын. Бізді имандылыққа, инабаттылыққа үйретті. Жаны таза жан болды, жарықтық. Маған мынадай бір дұғаны үйретіп, құлағыма әбден сіңдіріп тастапты. Арапшасын айтып, жаттатқызды. «Бисмилләһи, тәуәккәлту ъалал-лаһу уә лә хаула уә лә қууатә иллә биллә» Үйден, яғни сапарға шыққанда айтылатын дұға . Мұның мағынасы: «Ей, Алла, өзіңе өзімді тапсырдым, түрлі қауіп-қатерден сақтай гөр. Тәуекел еттім».
Back to Top