Жойқын газ жарылысының себебін мамандар әлі анықтай алмай отыр – Алматы облысы

#КТКжаңалықтары Алматы облысында екі адам өлген газ жарылысының себебін мамандар әлі анықтай алмай отыр. 5-ші және 4-ші қабаты опырылып түскен үйді арнайы комиссия тексеруде. Қабырғалардың күл-талқанын шығарған жантүршігерлік жарылыста бұдан көп адам қаза болуы мүмкін екен. Тұрғындар газ құрылғыларынан тараған өткір иісті алдын ала сезіп, дер кезінде далаға шығып үлгерген. Жақындарынан айырылып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан отбасылардың хал-жағдайы туралы. #жарылыс #газ #үй #Алматыоблысы
Back to Top