Клара Төленбаева - Аққу арман
============================================
Ертегі әлем шертеді әуен,
Қиялым көкте салады асыр.
Аққудай арман күйге ертіп алуан,
Ақтарар үнсіз жағаға сыр
Қайырмасы:
Ақ қанат арман белден асып,
Қалықтап бара жатыр.
Адамдар күтіңдер аңсағанын,
Оралар қарада тұр
Арманын іздей, үмітін үзбей,
Тағдырлар талмай жағада тұр.
Өмірден озбай, жүректі қозғай,
Толқынмен ойнап шағала тұр.
Қайырмасы:
Ақ қанат арман белден асып,
Қалықтап бара жатыр.
Адамдар күтіңдер аңсағаның,
Оралар қарада тұр
Ақ дидар арман ақ таңдай алдан,
Күледі көктеп төгіліп нұр.
Қарашы қырға малынып нұрға,
Арманым сол бір