Ақтөбелік полицейлер атқа қонды

Ақтөбелік полицейлер атқа қонды. Тәртіп сақшылары енді қылмыскерлерді жылқы мініп іздеп, оқыс жайт орнына осы жануарлармен жетеді. Тұлпарларды күтіп-баптап, жем-шөбін салатын да өздері. Погондағыларды тек автомобильдерден ғана көрген жұрт, таңданысын білдіріп жатыр. Қоғам тыныштығын ат үстінде жүріп бақылау кез-келген полиция қызметкерінің қолынан келе бермейді екен. Бұл қызметке тек ауылда өскен шымыр жігіттер таңдалатын көрінеді. Патрульдегі сәйгүліктер мен тыныштық күзетшілерінің жұмысымен тілшіміз танысып қайтты! #1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан
Back to Top