Нурул яқин | Ұстаз Амангелді Тілекқабыл | 1дәріс - Кіріспе [4к]

Пайғамбарымыз (ﷺ) өмірін зерттеудің аса маңызды екендігін ескерткен ғалымдарымыздың насихаттарына амал ету мақсатында шейх Мұхаммад әл-Хударидің “Нурул яқин“ атты кітабы бойынша дәрістер топтамасын ұсынып отырмыз! Дәрістер аптаның бейсенбі күні арнамызда жарық көріп отырады. Бұл кітаптың басқа сира кітаптарынан айырмашылығы: тарихи деректердің толыққандылығы аз ғана көлеммен үйлестірілген, ғылыми тұжырымдар қызығушылық тудыратындай етіп келтірілген, ал ақиқаттың рухани тереңдікпен көрсетілгендігі кітапты ерекше бағалы ете түседі. Аталған кітапты таңдауда есепке алыңған ең маңызды аргументтердің бірі – автордың сунниттік көзқарастағы ұстанымда болуы еді. Дәрісті Нұр-Мүбарак университетінің оқытушысы, Әл-Азhар университетінің түлегі, Phd докторант Амангелді Тілекқабыл ұстаз жүргізеді. Айта кететін бір жайт дәрісті жүргізуші ұстаз “Нурул яқин“ кітабынан Әл-Азhар университетінің Phd докторы Юсри Әл-Жабр Әл--Хасанидің алдында отырып “ижаза“ (рұқсат) алған. “Мирас“ Ислам Онлайн Мектебі - #сира #пайғамбарөмірбаяны #мухаммад
Back to Top