IT мамандықты тегін оқу

✅ IT МАМАНДЫҚТЫ ТЕГІН ОҚУ Сіздерге керемет жаңалығым бар! Ағымдағы жылдың 28-29 қыркүйек күні Астана қаласында «Digital Bridge 2022» атты цифрлық форумы өтті. Сол форумда цифрлық даму министрлігі Samsung Electronics компаниясымен бірлестік жөнінде меморандумға қол қойды. Нәтижесінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де (Алматы), Astana IT University-де (Астана), Ақтөбедегі Жұбанов атындағы университетінде, Талдықорған қаласындағы Жастар Орталығында тегін IT мектептер ашылды. Мен бұл жаңалықты ести сала, оларға хабарласып мән жайын білдім. Бұл мектепке 15-25 жас аралығында кез-келген жастар өтінім бере алады. Курс аптасына 2-3 рет 2 сағаттан 5-9 айға негізделген екен және Java, Python бағдарламалау тілдерін оқытады. Егер курсты сәтті аяқтасаңыздар Samsung сертификаты беріледі. Оқу офлайн түрінде жоғарыдағы аталған 4 оқу орнында өтеді. Мұңаймаңыздар, онлайн оқу түрі де бар. Google Meet арқылы видеоконференция арқылы өтеді. Мына сілтеме арқылы тіркеліңіздер:
Back to Top