Жамбыл облысында имамның дәріс өткізуіне кедергі келтірген азаматқа сот шешімімен айыппұл салынды.

Жамбыл облысында имамның дәріс өткізуіне кедергі келтірген азаматқа сот шешімімен айыппұл салынды. Келеңсіз оқиға Шу қаласындағы «Жәми» мешітінде болған. Намаз алдында наиб имам жамағатқа әдеттегідей діни дәріс айтып отырған. Осы кезде тұрғындардың бірі уағыз тыңдамай, даурыққан көрінеді. Жамағат ​әлгі азаматқа ескерту жасап, имамның насихатын тыңдауын өтінген. Бірақ, ол ескертуді елемепті. 2016 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттердің ішкі тәртіп ережесін бекітті. Бұл құжат Ғұламалар кеңесінде талқыланып, мақұлданған.
Back to Top