Aудандық жастар ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен

2018 жылдың 18 сәуір күні Ақтөбе облысының іскер әйелдер қауымдастығы «Саясаткер әйелдер клубы» және аудандық жастар ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Келіндер сайысы» өткізілді.ың өмірге деген маңыздылығын ұғындыру. Сайысқа қала және ауылдық округтерден 19 келін қатысып, екі кезең бойынша сайысты. Сайыстың І кезеңі Шалқар ауданына қарасты Жылтыр елді мекенінде болды. Келіндер сол жерде сиыр сауып, қамыр илеп, жазып және самаурын қайнатты. Сайыстың ІІ кезеңі түс қайта Сары Батақұлы атындағы мәдениет үйінде жалғасты. Келіндер екінші кезең бойынша «Таныстыру», «Өз өнері», «Салт-тәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру», «Ас мәзірі» шарттары бойынша сынға түсті. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен, қазақтың әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрін, ісмерлік, тағам түрлерін жоғары деңгейде әзірлеген келіндер жүлделі орындармен марапатталды.
Back to Top