«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемксінің ұйымдастыруымен «MERKI ERIKTILERI» волонтерлер қозғалысының қатысуымен, “Елу жылда - Ел жаңа“ қоғамдық бірлестігі басшысы Сүйімқұл Шарапат Батырбекқызының қолдауымен «BIRGEMIZ:QAMQOR» жалпыұлттық жобасын іске асыру мақсатында «Біз біргеміз» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция барысында Ақарал ауылдық округінің тұрғыны Ш.Рустем атамыздың және Жаңатоған ауылдық округінің тұрғыны А.Айгүл анамыздың үйлеріне барып, қал жайларын сұрап, азық - түлікпен қамтып, көңіл күйлерін көтеріп қайттық. Барлығы - 2 отбасыға көмек берілді. Бұл бағыттағы жұмыстарға 6 жас (Самбетов Мадияр, Ағакерімова Рузвана, Асадова Севиль, Ағакерім Сакина, Сұлтан Асель, Джямалова Захра) қатысты.