Адамға деген сеніммен-Мағжан Жұмабаев

Адамға деген сеніммен-Мағжан Жұмабаев «Адамға деген сеніммен» әлеуметтік бейнероликтері қазақ ақындарының өнегелі өлең жолдарымен өрнектелген. Жылдар бойы халықтың жүрегінен орын тапқан бұл сөздерге қазақстандықтардың құлақ асқаны абзал. Басты кейіпкер – АІВА нұсқасы бойынша «Үздік боксшы - 2014» атанған, әлем чемпионы Данияр Елеусінов. Данияр өзін сомдайды, яғни өзінің адамгершілік қағидаларын нық ұстанатын, өмір қиындықтарынан қабырғасы қайыспай өткен, қарапайым әрі жігерлі жігіт. Берік Сабыржановтың орындауында Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін!» өлеңі оқылып тұрады. Ел тарихындағы тығырыққа тірелген тұста айтылған ақын сөздерінің жаңғырығы біздің заманға жетіп тұрғандай. Бейнеролик «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына арналып, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған «Жас Отан» жастар қанатының «Жастар - Отанға» жобасымен ұштасып жатады.
Back to Top