1000 рет/раз Салауат айтайық/Аллахумма салли ‘аля Мухаммадин уа ‘аля али Мухаммад

Есімі аталған кезде яғни оқығанда, жазғанда, естігенде ең алғашында бір рет салауат айту уәжіп, кейінгілерде айту мүстаһаб болады. Хадис шәрифтерде былай делінді: «Маған бір рет салауат айтқан адамға Аллаһ және періштелері жетпіс салауат айтады.» (И. Ахмед) «Шапағатыма ең лайықты болғандарың – маған ең көп салауат айтатындарың.» (Тирмизи) «Маған көп салауат айтқан адамның дерттері кетеді, күнәлары жойылады.» (Тирмизи) Салауат айтудың пайдалары Мүмін адам қандайда бір мәселеде бір нәрсені ұмытып қалса салауат айту оның сол нәрсені еске түсіруіне септігін тигізеді. «Айтайын деп тұрған нәрсесін ұмытқан адам сол нәрсені есіне түсіру үшін маған салауат айтсын». (хадис) Әрбір айтылған салауатқа Аллаһ Тағала он сауаптан береді. «Маған бір рет салауат айтқан кісіге Аллаһ Тағала он сауап жазады» (хадис). Аллаһ сүйіктісіне салауат айту оның кешірімі мен рақымына бөленуге себеп болады. Салауат айтқан адам қиямет күні пайғамбардың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) шапағатына бөленеді. Әбу Дәрдадан (р.а) жеткен хадис-шәріпте пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) былай деген: «Кімде-кім таңғы және кешкі уақыттарда маған арнап он рет салауат айтып, сәлем жолдайтын болса, қиямет күні менің шапағатыма бөленеді». Керісінше салауатқа сараңдық қылған кісі шапағаттан құр қалуы мүмкін.
Back to Top