Алматы облысының тауларында жабайы сиверс алмасы гүлдей бастады.

Алматы облысының тауларында жабайы сиверс алмасы гүлдей бастады. Қазақ даласының алманың отаны екенін растайтын әсем ағаштар Жоңғар Алатауы ұлттық табиғи парк аумағындағы 8 мың гектар алқапта жайқалып өсіп тұр. Тіпті Жапон еліндегі сакураның гүлдеуінен кем түспейді. Ұлттық парк қызметкерлері жабайы алма ағашын қорғап, сақтап қана қоймай, оның қорын да молайтып келеді. Алманың дәнінен көшет өсіріп, бір жылда сиверс алмасының алқабы 30 гектарға ұлғайған. Бұл шамамен 150 мың көшет. Мұнан бөлек алдағы уақытта алманың басқа да түрлерін өсіру көзделген.
Back to Top