Солтүстікқазақстандық полицейлер мерекелік сап түзеді #sqo_pd

31 желтоқсан күні Жаңа жыл түнінде қоғам тыныштығын қамтамасыз ететін полицияның сыртқы қызметтері, әскери қызметшілер мен жеке күзет құрылымдарының қызметкерлері Петропавлдағы Тәуелсіздік алаңында сап түзеді. Полицияның кешенді күштерінің қызмет атқару орындарына таратылуын облыстық полиция департаментінің басшылығы өткізді. ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов жеке құрамды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, қызметкерлерді қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді жауапкершілікпен атқаруға бағдарлады. Бұдан бөлек, ҚР ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің құттықтау жедехаты оқылды. Құқық қорғаушыларды қала әкімі Серік Мұхамедиев те құттықтады. Ол халықтың полицияға деген сенімі жоғары екенін атап өтіп, мереке күндері сақшылар мен қала тұрғындары үшін тыныш өтетіндігіне сенім білдірді. Мерекелік іс-шарада марапат алғандар да болды. 13 жастағы Рахат Қайырболат полиция полковнигі Айдын Қабдұлдиновтың қолынан ІІМ грамотасы мен бағалы сыйлық алды. Ол балалар арасында өткен «Менің полициям» шығармашылық байқауында «Үздік эссе» номинациясында жеңіске жетті. «Сыныппен полиция департаментінің мұражайына барғанымыз есімде. Онда Ғазиз Байтасов туралы білдік, ол қылмыскерді ұстаған кезде айналасындағы адамдарды қорғау үшін өз денесімен гранатаны жапқан. Осыдан кейін мен осы кәсіптің зор маңыздылығын түсіне бастадым», - дейді жас лауреат мемлекеттік тілде жазылған жұмысында. Өңірдің бас полицейі ПД аппаратының қызметкері Батырхан Қайырбекті де марапаттады. Тәртіп сақшысына қазақ күресінен өткен «Дала қырандары» турнирінде республиканың мықты палуандарын жеңгені үшін чемпиондық белбеу мен ақшалай сертификат берілді. Сап түзеген жеке құрам оркестрдің сүйемелдеуімен салтанатты маршпен өтіп, қызмет атқару орындарына аттанды. Кешке таман СҚО ПД басшылығы Петропавл қ. ПБ жедел басқару орталығының тәуліктік кезекшілікке түскен ауысымын Жаңа жылмен құттықтады. __________________________________________ Развод комплексных сил полиции в предпраздничные часы провели в полиции СКО 31 декабря на площади Независимости в Петропавловске выстроились сотрудники наружных служб полиции, частных охранных формирований и военнослужащие, заступающие на дежурство в предновогодние часы. Развод комплексных сил полиции состоялся в присутствии руководства областного ДП. Начальник департамента Айдын Кабдулдинов поздравил личный состав и ориентировал сотрудников на выполнение задач по охране общественного порядка и защите безопасности населения. Была зачитана поздравительная телеграмма министра внутренних дел РК Ержана Саденова. Также правоохранителей поздравил аким города Серик Мухамедиев, отметивший, что люди доверяют полиции и без тревог встречают праздник, потому что люди в погонах стоят на своём нелёгком посту. Праздничное настроение было подчёркнуто торжественным моментом. На разводе полковник полиции Кабдулдинов вручил грамоту МВД и ценный подарок 13-летнему Рахату Кайырболату, победителю творческого конкурса «Моя полиция» в номинации «Лучшее эссе». В своей работе на государственном языке юный лауреат пишет: «Я помню, как мы ходили с классом в музей Департамента полиции. Там мы узнали о Газизе Байтасове, который при задержании преступника прикрыл своим телом гранату, чтобы защитить окружающих. После этого я начал понимать огромную важность профессии людей в погонах». Также главный полицейский области вручил сотруднику аппарата ДП Батырхану Кайырбеку чемпионский пояс и денежный сертификат, которые стали его призом за победу над лучшими палуанами республики на турнире «Дала қырандары» по қазақ күресі. В завершение развода сотрудники, пройдя торжественным маршем под звуки оркестра, разошлись по местам несения службы. Вечером руководство ДП СКО лично поздравило с Новым годом дежурную смену центра оперативного управления УП г. Петропавловска, заступившую на суточное дежурство в праздничную ночь.
Back to Top