Әбу Ханифа табиғин ба?

«Табиғин» сөзінің тілдік мағынасы – еруші, ерген деген мағынаны білдіреді. Ол «таби’а, ятба’у», яғни біреудің артынан еру деген етістіктен түрленеді. Терминологияда табиғин деп сахабаны жолықтырған адамға айтылады(Ибн Хажар, ИбнКәсир, Хатиб Бағдади сынды кісілердің ортақ анықтамасы). Құран Кәрімде Алла Тағала: «Муһажир, әнсарлардан(Сахабалар осылай муһажирлер және әнсарлар деп екіге бөлінген.) алғашқы иман келтіргендер мен оларға жақсылықта ергендерден Алла разы болды»,(Тәубе 100.) – дейді. Кейіннен ғалымдар осы аятқа сүйене отырып, сахабалардың артынан келген буынды Құранда айтылғандай, «табиғиндер», яғни ергендер деп атап кеткен. Әбу Ханифаға (р.а) келсек, ол кісі – табиғин. Оған тарих пен тарихи тұлғаларды жетік білген ірі ғалымдардың баяндамаларынан біле аламыз. Мысалға, Ибн Хажар (р.а) былай дейді: «Әбу Ханифа бір топ сахабаларды жолықтырған. Себебі, ол хижраның 80-ші жылы Куфа қаласында дүниеге келген. Ол кезде ол қалада Абдулла ибн Абу Ауфа (р.а) бар болатын. Ол кісі кейіннен қайтыс болғаны аян. Соным
Back to Top