Стюардесса ұшу кезінде сирек кездесетін табиғат құбылысын көрсетті.
Ресейлік стюардесса өзінің Instagram парақшасында ұшқыштар кабинасында түсірінлен сирек кездесетін табиғи құбылысты әулие Эльм жарығы түсірілген видеоны жариялады.
Кадрлардан найзағайға ұқсас көгілдір жарқылды көруге болады. Бұл атмосферадағы электр өрісінің үлкен кернеуінде пайда болатын әулие Эльм жарықтары.
Әулие Эльм жарығын алғаш рет теңізшілер діңгектердің ұшынан байқаған. Бұл табиғи құбылыс таулардың шыңдарында, электр желілерінде және ағаштардың басында пайда болады. Ұшақ ұшқыштары әулие Эльм жарығын әйнек пен корпустың түйіскен жерінен көре алады. Авиацияда олар қауіпті метеожағдай ретінде есептелмейді.
20 views
433
126
4 years ago 00:00:59 20
Стюардесса ұшу кезінде сирек кездесетін табиғат құбылысын көрсетті.