Армандаймын Айнаш Садуақас

Армандаймын, мен сені армандаймын, Ғашық болып мен саған қалғандаймын. Келші сəулем, жаныма келші менің, Кездесуді мен əлі армандаймын. Көл шетінде бір аққу жүзіп барат, Сол аққуға отырдым ұзақ қарап. Сүйгенінен айрылу қиын екен, Жар басында отырдым ұзақ жылап. Баралмаймын, тойыңа баралмыймын, Барғаныммен көңілді болалмаймын. Тілек айтып тойыңда жылағаннан, Өлең айтып, үйімде мен қалайын.
Back to Top