«Ақиқатында, қан алу – сауықтырады» (Әл-Бухари Мүсілім)

Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді:«Ақиқатында, қан алу – сауықтырады» (Әл-Бухари Мүсілім) Қан алдырудың ешқандай кері әсері болмайды. Өйткені,  Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұның адам ағзасына пайдалы екенін айтып кеткен. Хиджаманы үлкен-кіші бәріне де сондай-ақ жүкті әйелдер мен емшектегі баласы бар аналарға да  қолдануға болады деген. Тіпті әйелдер хайыз және нифас кезінде де қандай да себептермен хайыз келмеген себептерде де жасай алады. Кішкентай сәби балалар шетпе болып ауырған кезде де ата-бабаларымыз олардың арқа тұсынан қан алатын болған. Осылайша қан алдыру Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) -дың сүндеті болғаны үшін әрине, сауабы мол, денсаулыққа пайдалы екенін білдік. Сондықтан қан алдыру ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан ата-бабаларымыздың қолданған емдік пайдасы мол, ағзаға күш сыйлайтын сүннет амалы екенін білуіміз тиіс.
Back to Top